Бүгіннен бастап Павлодар көшелерімен ерекше трамвай жүреді. «AMANAT» партиясының брендтік түстерімен ресімделген вагон жолаушыларды тасымалдап, халықты партиялық бағдарламалар туралы хабардар ету үшін өзіндік платформа ретінде қызмет етеді. Жоба «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ-ның бастауыш ұйымы партиялық жарналардан бөлінетін ай сайынғы қаражаттың 20 пайызы есебінен іске асырылды. Рейстің алғашқы күнінде жергілікті депутаттар жолаушылар арасында қоғамдық қабылдау …