Белгілі саясаттанушы Расул Жұмалы 26 сәуірде өткен AMANAT партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезіне қатысты пікір білдірді. Саясаттанушы әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында саяси бәсекелестікті дамыту тұрғысында қабылданған шешімдерді оң қабылдайтынын айтты. «Партия төрағалығынан Президенттің, өңірлік филиалдарға жетекшілік етуден әкімдердің шығуы жайлы берілген уәде іс жүзіне асып жатыр. Билеуші партия елбасының абыройын жамылмауын, иә әкімшілік әлеуетке сүйенбеуін […]