Мәжіліс депутаттарының референдумды насихаттау мақсатында аймақтарға іс-сапары жалғасуда деп хабарлады turkystan.kz. Мәжіліс депутаттары Ғани Ташқараев пен Берік Бекжанов Еңбекші ауданына қарасты «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Shymkent qagazy» мекемесі қызметкерлерімен кездесті. Халық қалаулылары жиналғандар алдында референдумның мән-маңызын түсіндірді. «Референдум әр қазақстандыққа жеке таңдауын жасауға мүмкіндік береді. Оның негізгі мәні – мемлекеттің басты құқықтық құжатын тұрғындардың өздері қабылдайтындығында. …