Қызылорда облысында жұмыс сапарымен жүрген «AMANAT» партиясының мүшелері, Мәжіліс депутаттары Бақытбек Смағұл мен Геннадий Шиповских Жалағаш ауданындағы «Таң LTD» еңбек ұжымымен кездесті деп хабарлады turkystan.kz. Алдымен шарушылық жұмысымен танысқан депутаттар еңбек ұжымына референдумның маңыздылығын, Ата заңға енгізілетін түзетулер мен толықтырулар туралы түсіндірді. «Өңірдің барлық аудандарында болып, түрлі сала өкілдерімен кездесіп келеміз. Олармен болған жүздесулерде көптеген …