Мәжіліс депутаттары референдум ел өмірін өзгертуге бағытталған батыл қадам екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz. Шығыс Қазақстан облысына Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен түзетулерді жан-жақты түсіндіру мақсатында арнайы келген «AMANAT» партиясы жанындағы Парламент Мәжілісінің депутаттары Жанат Омарбекова және Ирина Унжакова Өскемен қаласындағы Оралхан Бөкей атындағы қалалық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлерімен кездесті. «Референдум – Жолдауда жариялаған реформаларды халықтың таңдауы …