Бір айға жуық ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, AMANAT партиясы фракциясының мүшелері – Асқарбек Үйсімбаев, Юлия Кучинская, Мәди Елубаев пен Марат Құсайынов Ақмола облысының аудан-аудандардағы 120 ауылды елді мекенде халықпен 200-ден аса кездесу өткізді. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен 6 мыңға жуық тұрғын қамтылды. Мәжілісмендер қажетті ақпаратпен халықтың әр санатын қамтуға тырысты. Сөйтіп, қарапайым ауыл халқынан бастап, зауыт-фабрикалардың жұмысшылары, …