Ертең еліміздің оңтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады деп хабарлады turkystan.kz. Синоптиктер мәліметінше, Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстік жартысында жаңбыр жауады, күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Ал солтүстік-батыста бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі. Республикада жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында төтенше өрт қаупі …