Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Исхар Савазов шомылуға рұқсат етілген орындардың анықталғанын айтты деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, Алматы аумағында шомылуға рұқсат етілген 4 орын белгіленген. «Олар – Сайран көлі (Алматы ауданы жағында, Төле би көшесінен 200 метр жерде); Сайран көлінің батыс жағы (Әуезов ауданы жағында, Төле би көшесіне қарама-қарсы 300 …