Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүреді, бұл кезде нысан толығымен тоқтатылмайды, деп хабарлайды turkystan.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап. «Қыркүйек-қазан айларында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына және жабдықтар мен құбырларды, электр жабдықтарын, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін (ТПБАЖ) және бақылау-өлшеу аспаптарын (БӨА) куәландыруға байланысты Атырау МӨЗ-де жоспарлы алдын ала жөндеу жүргізіледі», – делінген ведомствоның ақпараттық хабарламасында. …