Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы Жангелдин ауылында ерлі-зайыптының өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Олардың мәйіті кеше шаруашылық құрылыстан табылған. Ulysmedia.kz дерегінше, кісі өлтірді деген күдікке 29 жастағы Сұлтан Сәрсемәлиев марқұмдардың күйеу баласы ілінген.