Дамыған елдер технологиямен жарысып, жасанды инттелектіні игеруге бас қатырып жатқанда біз әлі ең қарапайым қажеттіліктерге қол жеткізе алмай сенделіп жүрміз. Жыл сайын сықиған сандарды сайратып, әдемі есеп беруден алдына жан салмайтын әкімдерді тыңдасаң, Қазақстан ауылдарының бәрі гүлденіп кеткен бе дерсің. Алайда кабинеттен шығуға ерінетін әкім-қаралардың аяғы жетпеген шалғайдағы елді мекендердің шынайы көрінісі мен қағаздағы картинаның айырмасы жер мен көктей. Ауылдарда, әсіресе, ауыз су мәселесі әлі де өзекті. Мәселен, Түркістан облысының Сауран ауданында бір емес, бірнеше ауылдың тұрғындары су үшін сот табалдырып тоздырып жүр. Тілшілеріміз тұрғындардың базынасын тыңдап қайтты.