4 тамызда еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, екпінді жел соғады деп хабарлады turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 4 тамызда Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күн күркірегенде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысында 35 градус аптап ыстық болуы ықтимал. Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында күн күркіреп, дауыл …