Қызылордада жекеменшік балабақша тәрбиешілерінің салғырттығына қатысты тағы бір жанжал шықты. Екі жасқа толмаған бүлдіршін ясли тобында денесінің 30 пайызын күйік шалып, бір айға жуық ауруханада жатты. Қыздың ата-анасы әлі күнге дейін оның қандай жағдайда жарақаттанғанын білмейді, олар ресми нұсқаға сенбейді, ал бүлдіршіннің өзі шындықты айта алмайды, себебі жасы тым кішкентай. Қызының жағдайына наразы болған анасы балабақшаны тексеруді талап етті. Нәтижесінде бұл мекемеде көптеген заңбұзушылық анықталды, соның ішінде ясли тобын ұстауға рұқсат болмағаны белгілі болды. Енді бүлдіршіннің отбасы бір сұраққа жауап таба алмай отыр. Елімізде жекеменшік балабақшаларды кім және қалай бақылап отыр? Ulysmedia.kz тілшісі осы сұрақтың жауабын іздеп көрді.

Қызылордада кішкентай қызды ыстық сумен күйдіріп тастаған балабақша әлі жұмыс істеп тұр
Оқиғалар






































