Қазына толы сандықтың үстінде жалаңаш отырған бала бейнесі кім-кімді де таң қалдырмай қоймайды. Бірақ бүгінде мұндай көрініске қазақстандықтар таң қалуды қойған. Өйткені күнде көреді мұндай жайтты. Айтпағымыз сондай күлшелі баланың қонысы Маңғыстау өңірі. Жер қойнауы республикалық бюджетті асырап отырғанымен, ондаған жыл бойы тұрғындары қарапайым краннан ауыз су іше алмай отырған өңір. Мұнайдан миллиондар түсіп жатқанымен, қыста жылу желілері жарылатын аймақ халқы парадокста өмір сүріп жатыр. Батыстың қақпасы, стратегиялық форпост әрі жылдар бойы айтылып келген, бірақ бірте-бірте Каспийдің тұзды желіндей қалыпты көрініске айналған созылмалы дерттің қою нүктесі де осы Маңғыстау.
Маңғыстау әлі де таңқалдырады: жергілікті әкім Қилыбайдың болашақ жол картасы қалай іске асуда
Оқиғалар