Орал қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың қоныс тойы жалғасуда. Кеше Деркөл мен Зашаған кентінде 183 үй пайдалануға берілсе, бүгін Жұлдыз шағын ауданында 192 жанұяға жаңа баспананың кілті тапсырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.