Бұл шешімді Мәдениет және спорт министрлігінде өткен отырыста республикалық ономастика комиссиясы қабылдады деп хабарлады turkystan.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Комиссияның қарауына мемлекеттік органдардан барлығы 182 өтініш келіп түскен, оның ішінде білім және ғылым министрлігінен, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының, сондай–ақ Шымкент қаласының әкімдіктері де бар. Сонымен қатар комиссия Павлодар …