5 маусым – республикалық референдум өтетін күнi облыс орталығындағы маршруттарда жолаушыларды тегiн тасымалдауға шешім қабылданған деп хабарлады turkystan.kz Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Елімізде 5 маусымда Конституцияға енгізілетін өзгерістерге байланысты республикалық референдум өтеді. Осыған орай, Атырау қаласында және шаһар маңындағы елді мекендерге қатынайтын қоғамдық көліктердің барлық маршрутында жолаушылар тегін тасымалданады. Әкімдік пен жолаушы тасымалдайтын …