Арыс ауданының тәртіп сақшылары далалы жерде өсетін, емдік қасиеті өте жоғары дәрілік кеурек (ферула) шөбінің сөлін қазып, заңсыз жұмыс істеп жүрген 23 өзбекстандық азаматты анықтады деп хабарлады turkystan.kz. Олар далалы алқапқа шатыр тігіп, кеурек қазып жүрген. «23 азамат ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша жауапқа тартылып, ел …