Форт-Лодердейл (АҚШ) қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде жанкүйерлер ерекше эпизодқа куә болды. Америкалық Джоэшон Джеймс пен кубалық Йожанлер Мартинес бір раундта бірін-бірі қатарынан құлатты. Сирек кездесетін «қос нокдаун» сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тез тарады.