«Қазақстан барысының» үш дүркін чемпионы Бейбіт Ыстыбаев журналист Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында жас кезінде тәртіп пен дайындыққа салғырт қарағанын айтып, соған өкініш білдірді. Оның айтуынша, спортта ең бастысы режимді сақтау, өйткені чемпиондықты ұстап тұру да, биікте қалу да оңай емес.