Ташкенттегі бокс кешінде жеңіліс дәмін татпаған өзбекстандық боксшы Нурислом Исмоилов (8-0, 8 KO) кезекті рет өз шеберлігін дәлелдеді. Ол екінші орта салмақтағы вакантты WBC CISBB белбеуі үшін өткен жекпе-жекте танзаниялық Джозеф Майгвисьяны (15-6, 11 KO) төртінші раундта ауыр нокаутпен тоқтатты.
Оқиғалар