Өзбекстан бокс мектебінің кезекті жұлдызы саналатын Джавохир Умматалиев кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін сенімді жеңіспен бастады. 20 жастағы боксшы Челябіде (Ресей) өткен бокс кешінде жеңіліп көрмеген әзербайжандық Рахим Алиевті ұтып, профи мансабына мықты қадам жасады.