Оқиға 2021 жылы мамыр айында орын алған. Сол күні жасөсіпірім қыздар кешке дейін далада әңгімелесіп отырып қалады. Күн батқан соң олар үйлеріне қайтуды ұйғарыпты. Қараңғы көшемен қайтып келе жатқан қыздардың бірі артынан ер адамның жүріп келе жатқанын байқаған. Шолақ шалбар, майка және басына кепка киген ол қыздың артынан тап беріп, жабысқақ таспамен (изолента – ред.) қылқындырмақ болған. Алайда қыз қолымен таспаны үзіп үлгерген.