Танымал қазақстандық блогер алаяқтық жасады деп айыпталды. Әлеуметтік желіде 20 адам алаяқтықтың құрбаны болғандығы туралы хабарлама жариялаған. Олар 700 000 теңгеге Түркияда табысты бизнес жүргізу бойынша курс сатып алған. Алайда алданған азаматтар курсты да, ақшасын да ала алмаған, тіпті қорлық көрген.