Алдымен белгісіз біреу ер адамға телефон соғып, өзін астаналық тергеушімін деп таныстырған. Ол алаяқтар атына несие рәсімдеп жатқанын айтып, банк менеджерінің айтқанын орындауды сұраған. Бірнеше минуттан кейін менеджер қоңырау шалып, SMS-кодты айтуды сұраған. Ер адам кодты беріп, осылайша 13 миллион теңгесінен айырылып қалған.