37 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Оның жартысына жуығы – интернет-алаяқтық. Желі арқылы азаматтардан айласын асырған 17 мың 700 жағдай анықталған. 244 төлем картасына қатысты заңсыз әрекет тіркелді. 91 рет қарызға ақша алып алдаған, 47 рет несие рәсімдеп айласын асырса, 1 жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық тіркелді. Заңсыз әрекеттерден негізінен жеке тұлғалар зардап шеккен деп хабарлайды finprom.kz.