Қостанайда алимент төлегісі келмеген әйел алты айға абақтыға қамалды. Әйелдің кәмелет жасқа толмаған балаларына берешегі 3 миллион теңгеден асқан. Ол 2018 жылдан бері алимент төлемеген. Осыған дейін сот үкімімен келіншек бірнеше рет әкімшілік және қылмыстық жазаға тартылған. Тіпті шартты түрде бір жылға бас бостандығы да шектелген. Бірақ еш нәтиже шықпаған соң сот орындаушылары жазаның қатаң түрін қолданыпты.