«Азаматтар арасында жалған ПТР анықтамаларын қолдану тыйылмай тұр. Бұл жолы күдікке Алматы қаласының 8 тұрғыны ілігіп отыр. 30 шілдеде Алматы қаласының халықаралық әуежайында көлік полицейлері нысан қызметкерлерімен бірге коронавирус жұқтырмағаны туралы жалған ПТР анықтамасы бар адамдар тобын ұстады», - деді Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Сарықұл Жоланов.