Алматы облыстық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері Талғар ауданында есірткінің жасырын өндірісін жойды. Күдіктілер – туыстық қатынастағы жігіт пен қыз синтетикалық есірткіні өндіру және өткізу фактілерін анықтау бойынша жүргізілген «Рефлекс» арнайы операциясы барысында полицияның назарына ілікті, - деп жазды Полиция сайты.