Күдікті ауыр немесе үлкен сөмке көтерген егде адамдар шығып қалады ма деп сырттан бақылап отырған. Өзін байыпты әрі тәрбиелі адам сияқты көрсетіп, жақындап келіп әжейлерді әңгімеге тартқан ол сөмкесін пәтерге дейін жеткізіп бере алатынын айтып, көмек қолын ұсынады. Егде жастағы адамдар бұған келісіп, артынан ақшасы, әмияны немесе ұялы телефоны ұрланғанын анықтайды.