Медициналық көмек алған 30 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылғаннан кейін ертесі күні мекемеден өз еркімен кетуге шешім қабылдаған. Бірақ пациенттің қалың киімі, аяқ киімі болмағандықтан, ол өзіне ыңғайлы киім-кешекті іліп әкеткен. Қалтасында ақшасы бар күртеше мен аяқ киімді алған. Бұл хирург дәрігердің заттары болып шыққан.