Анықталғандай, күдіктілердің бірі 33 жастағы К. есімді азамат 5 миллион теңге көлемінде бейіндік бағдарлама бойынша мемлекеттен грант алуды ұсынған. Ал тағы бір қылмыстық іске қатысы бар 29 жастағы А. есімді азаматша шаһар тұрғындарына мемлекеттен грант алып беріп қана қоймай, жылжымайтын мүліктерді игеріп, жұмысқа орналастырып, жүргізуші куәлігін алып бере алатынын айтқан. Өзінің “жұмысы” үшін ол 5 миллион теңге сұраған.