Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне Air Astana әуеакомпаниясы өкілінің актісі бойынша екі жолаушы берілді. Оның айтуынша, ер адамдар Алматы – Астана бағытындағы әуе рейсіне отырғызу кезінде өздерін дөрекі ұстап, бортсеріктерді балағаттаған. Көлік полицейлері тексеру кезінде масаң күйде болған 34 жастағы Ресей Федерациясының екі азаматын анықтады. Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/almatyda-masang-kujdegi-rf-nyng-eki-azamaty-aue-rejsinen-tusirildi/