"Мұнда тәсіл әр заңбұзушыға байланысты жасалады. Жасалған құқық бұзушылықтың сипаты мен ауырлығын бағалаймыз. Осы мән-жайдың бәрін ескере отырып, қала прокуратурасы 71 тұлғаға қатысты әкімшілік жазаны жеңілдетті. Біз 91 адамды уақытша ұстау изоляторынан босаттық", - деді Жүйріктаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.