Астанада 10 жасар қызын көшеде көптің көзінше ұрған әйелге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Қыз қатты жылағандықтан, айналадағылар оған назар аударып, іле-шала болған оқиғаны видеоға түсіріп, желіде жариялаған. Видеода кішкентай қыздың басын машинаға соққан әйелді көруге болады.