Ішкі істер министрлігі мектепке дейінгі ұйымдарға қатысты 15 әкімшілік іс қозғады. Резонанс тудырған оқиғалардың бірі – Нұр-Сұлтан қаласындағы "Сәті" жекеменшік балабақшасында бүлдіршіндерге қатысты теріс фактілер тіркелген оқиға. Онда балабақша қызметкерлері балаларды еденге сүйреп, бұрышқа тұрғызып, еденге итеріп, жылауын тоқтатуға мәжбүрлеген.