Биылғы жылдың 9 айында облыс аумағында 165 интернет-алаяқтықтың дерегі тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 44,3%-ға төмендеген. Осы қылмыс түрінің алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар, соның ішінде халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу шаралары жандандырылды.