Әлеуметтік желілерде "Қызылорда облысы прокурорының әйелі күзетшіге қоқан-лоқы жасады" деген ақпарат тарап жатыр. Осы дерек бойынша 19 шілдеде Шымкент Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына "Күзет" қызметкерінен 15 шілдеде сағат 14.00-де ЖШС ғимаратында күзетшілерге тіл тигізіп, қорлаған белгісіз қызды жауапкершілікке тарту туралы арыз түскен.