Жетісай АПБ-ға қалада орналасқан ломбардтардың бірінің қызметкері арызданды. Оның айтуынша, жұмыс орнына кешкі уақытта басына жаздық бас киім мен бетіне медициналық бетперде тағып алған белгісіз біреу кіріп, қарумен қорқытып, ақша талап еткен. Үрейі ұшқан жәбірленуші сол мезетте күдіктіге кассадағы 1,2 млн теңгені ұстата салған. Оңай олжалы болған сезікті оқиға орнынан ізін суытқан.