Қылмыс 4 қараша күні түстен кейін жеке үйдің ауласында орын алған. Құрылыс бригадасы онда жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. 59 жастағы үй иесі мен 72 жастағы бригадир жұмысшылармен келісе алмай, жанжалдасып қалған. Куәгерлердің айтуынша, құрылысшылар екі адамды пышақтаған. Олардың құрбандары оқиға орнында қайтыс болды. Содан кейін жігіттер марқұмдардың бірінің көлігін айдап әкеткен.