Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші арызында сол күні мешітке барған уақытта белгісіз біреу сырт киімінің қалтасынан ішінде 187 мың теңге ақшасы, жеке бас куәлігі және автокөлігінің құжаттары бар әмиянын ұрлап әкеткені туралы көрсеткен.