Интернетте таралған жазбада бірнеше ер адамның балағат сөздерді қолданып дау шығарғанын көруге болады. Бұл ретте кадрдан сәл шетке тұрып, жағдайды бақылап отырған криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ермек Тобылбаев көрінеді. Әңгіме барысында ер адамдар арасында төбелес басталады.