Жетісу облысының Сарқан ауданында қоқыстан басы мен денесі бөлек табылған 5 жастағы қыздың анасы мен нағашы ағасы сот алдында жауап берді. Олар бүлдіршінді өлтірмегендерін, бала сырқатынан қайтыс болғанын мәлімдеді. Ал жасамаған қылмыстарын полицейлердің қысымынан кейін мойындағанын айтады. Бұл туралы Информбюро бағдарламасында хабарланды.