Жетісу полициясы облыс прокуратурасының үйлестіруімен Талдықорғанның үш тұрғынын ұстады. Олар әртүрлі өңірдегі медицина қызметкерлеріне біліктілікті арттыру жөніндегі жалған сертификаттар сатып келген. Аталған сертификаттар медициналық қызметпен айналысуға, клиникалық практикаға рұқсат алуға (мамандығы бойынша науқастармен жұмыс істеуге), квалификациялық біліктілікті тағайындауға мүмкіндік береді.