ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына 57 жастағы азамат қоңырау шалған. Өз сөзінде ол танысының мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесемін деп алдағанын жеткізді. Бұған сенген жәбірленуші оған 1 000 000 теңге берген.