Қазығұрт ауданы ПБ-ға алаяқтың арбауына түскен екі бірдей тұрғын арызданып келген. Олардың айтуынша, сырттай танысы “мүгедектік зейнетке шығарып беремін” деп, алаяқтық жолмен ақшаларын алып, бір жылдан астам уақыт алдап жүрген. Жәбірленуші әйелдерге келтірілген жалпы шығын көлемі бір миллион теңгеден астам. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркеді.