Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, өтен жылдың желтоқсан айында 41 жастағы әйел өзімен бірге тұратын ер адаммен бірге үйінде ішімдік ішкен. Ол әйел адамға балағат сөздер айтқаннан кейін екеуі сөзге келіп қалған. Сол кезде ашуға бой алдырған әйел ас үйден 15 см пышақты алып, ер адамның кеудесінен бір ұрған. Салдарынан ер адамның денсаулығына ауыр зиян келтіріліп, ауруханаға жеткізілген.