«Менің атым Айдана, үш балам бар, кенжем алты айлық. Қарашаның 17-сі күні жұмыстан шыққан соң Амангелді көшесінен Назарбаев даңғылына қарай жүріп келе жатқанымда артымнан күйеуім тап берңп, бетімді, иығымды, басым мен қолымды бес жерден пышақтап кетті. Көп қан жоғалттм. Осы жағдайда әділдікке жету үшін көмек сұраймын», - деген Айдана оны кімнің және не үшін пышақтағанын айтып берген.