Биыл тамыз айында қаланың кейбір аудандарында газдың иесі қатты шыға бастаған. Тұрғындардың зәресі ұшып, арнайы қызметтерді шақырған. "Горгаз-сервис" ЖШС мамандары үйге көгілдір отын жеткізетін газ құбырларынан керме сомындардың жоғалғанын анықтады. Қоладан жасалған әрбір сомынның бағасы 11 мың теңгеден басталады.