Шымкентте 1,5 жастағы ұлын сатқан көпбалалы ана 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Іс материалдары бойынша 32 жастағы әйел өзінің 1,5 жастағы ұлын сатпақ болған. Бұл туралы ол өз танысына мәлімдеген. Ақпаратты естіген полицейлер баланы сатып алмақ болған жұп болып сатушымен байланысқа шыққан. Көпбалалы ана сатып алушыларды баланы көру үшін үйіне шақырған.